Мақта мақтантып тұр
Мақтаарал десе мақта есімізге түсетіні анық. Ауданның басты бренді де осы мақта. Өңірде өткен жылы бұл салаға қомақты инвестиция тартылғаны жергілікті диқандарды қуантып отыр. Мамандардың дерегінше өткен жылы мақтарал ауданында 38 мың гектар жерге мақта дақылы егілген. Аудан аумағында атқарылған озық шаралардың арқасында аудан шаруалары 96 мың 500 тонна «ақ алтын» жинап жылды табыспен аяқтаған болатын. Былтыр мақтаралдық диқандар орта есеппен гектарынан 25 центнерден «ақ ұлпа»жинады.Биыл да шаруалар ақ алтынннан жоғары көрсеткішпен өнім алуды көздеп отыр.Ауданда басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде атқарылған жұмыстар қарқынды.
Мақтарал ауылдық округі әкімінің көмекшісі Досжан Паташовтың айтуынша бүгінде Мақтарал ауданында 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл іс жүзеге асқан жағдайда 380 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылмақ. Осындай оңды тірліктер арқасында аудан ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 11 миллиард 113 миллион теңгені құрады.