Археологтарға арналған орталық бой көтеруде

Oinet.kz 21-06-2019 609

Screenshot_12.jpg

Туризмге сұранып тұрған Отырар ауданына киелі орындарға тәу етіп келушілер көп. Әсіресе мұндағы ежелгі Отырар қалашығының орнын зерттеуге көптеген ареологтар жұмылдыруда. Осы орайда ауданда ғалымдарға арналған  Сапар орталығы салынып жатыр. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бой түзеген нысанның құрылысы өткен жылдың қараша айында басталған болатын. Қазір шығыстық үлгідегі орталықтың жұмысы аяқталуға жақын. Қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Құрылыстың мерзімінде және сапалы болып бітуін жергілікті билікпен бірге министрлік те бақылауда ұстап отыр.

Екі қабатты ғимарат сәулеттік ерекшелігімен көз тартады. Мұнда тарихшылар менархеолог-ғалымдар жұмыс істейді. Ғимараттың астыңғы қабаты мен жертөлесіне ғалымдардың жұмыс істеуіне ыңғайлы зертханалар орналасады. Орталық толықтай заманауи техникамен жабдықталады. Мұнда ғылыми архив, дәріс залы, қор сақтайтын бөлмелер, шеберханалар қарастырылған. Ал үстіңгі қабатында қонақтарды қабылдаумен жиын өткізуге арналған конференция және көрме залдары болады.

Нысанның жобалық құны 800 млн теңге. «Сапар орталығын салудағы басты мақсат - Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шет елдерге насихаттау. туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық қалыптастыру. Жаңа ғимаратта сол талаптардың барлығы ескерілген.  Сондай-ақ сапар орталығының жанынан ғылыми қызметкерлерге арналған жатақхана да салынып жатыр.  

 Мамандар орталықтың құрылысы аяқталса аудандың туристік әлеуетін арттыруға үлес қосады деген сенімде.  

                     


31 көше жөнделуде
Тұңғыш фильм
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу