Үш жақты меморандум түзілді

Oinet.kz 21-06-2019 629

Screenshot_10.jpg

Түркістан облысында  800-дей үкіметтік емес ұйым бар. Алайда олардың жартысына жуығының белсенділігі төмен. Тіпті облыс атауының ауысқанына жылға жуық уақыт өтседе тек 121 ғана ұйым қайта тіркеуден өткен. Қалғаны әлі ескі атаумен жүр. Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына жан бітіру үшін енді облыстық азаматтық алянс төрағасы мен облыстық ішкі саясат басқармасы және «Береке» қоғамдық бірлестігі арнайы меморандумға отырды.

Үш тараптың өкілдері қол қойған құжат аясында енді, өңірде үкіметтік емес ұйым мүшелерімен қоғамдық бірлестік өкілдерінің басын қосып бірнеше семинар – тренингтер өткізіледі. Одан бөлек арнайы электронды платформа әзірленеді.

 Негізінде қазір облыс құрамындағы 14 аудан орталығында арнайы ақпараттық ресурстық орталықтар жұмыс істейді. Олар үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік және бизнес өкілдері арасындағы байланысты нығайту бағытында тер төгеді. Енді сондай орталықтарды өткен жылы құрылған Жетісай және Келес аудандарынан ашу жоспарланып отыр.

«Біздің негізгі мақсатымыз үкіметтік емес ұйымдарымен қоғамдық ұйымдарды қоса отырып билік пен бизнестің байланысын нығайту. Ол үшін сол әр ауданда ақпараттық орталықтарды құру керек,- дейді Түркістан облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбек. 

 .


Медицина майталмандары марапатталды
31 көше жөнделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу