Ағзаға ең пайдалы 12 өнім анықталды

Oinet.kz 18-02-2019 1541

photo_101343.jpg

Олардың қатарына құрамында нәрлі заттары, фитохимиялық қосындылары, дәрумендері, минералдары, антиоксиданттары мен пайдалы майлары бар өнімдер еніп отыр. Бұл туралы MIGnews порталы хабар­лайды.

Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін та­ғам­дардың тізімін жасаған.

Сонымен, денсаулықты кеселден қорғайтын өнім­дер – мыналар: жидектер, атбұр­шақ, жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұ­мыртқа, орамжапырақ, алма, сарым­сақ пен пияз, анар және көк шай.

Ғалымның айтуынша, жеміс-жидек құ­рамында қант аз, бірақ жасуша көп болады, сол себепті жидектер ең пайдалы өнім саналады. Ал атбұршақ тоқішек қа­терлі ісігі мен суса­мыр­­дан қорғап, дене сал­мағын рет­тей ала­ды. Линолен қышқылына бай сиыр сүті, сондай-ақ орамжапырақ, сарымсақ пен пияз да, анар мен көк шай да обыр ауруынан сақтайды. Майлы балық қан айналымы мен ми жұмысын реттейді. Мал еті болса B12 дәрумені мен ақуызға толы. Алма – тіс, өкпе, қан қысымы ауруларына ем.


Махаббат - таза әділетсіздік
Жеке өмірді өзгертетін 2 қағида
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу