Түркістанды бірнеше күн аралауға мүмкіндік тумақ

Oinet.kz 19-06-2019 564

Screenshot_14.jpg

Туризм – Түркістанның дамуының  басты тетігі.   Ресми мәліметтерге қарағанда, өткен  жылы Түркістанға келген туристердің саны  152 124 адамды құраған, ал рухани астанаға «бір күндік келушілердің саны» - 1,5 миллион адамға жетіп отыр. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 15,2 пайызға артық. Көрсетілген қызмет көлемі 1,2 миллиард теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 23,3 пайыға  артық болып отыр.  Ол үшін туристер облысқа тек бір күнге емес, бірнеше күнге саяхаттауға келуі тиіс. Бұл бағытта қазіргі таңда экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленген. 

-Соның бірі - Қасқасу туристік-рекреациялық кешені. Бұл жобаға республикалық бюджеттен 2020 – 2021 жылдарға 22 миллиард теңге қарастырылды. Жобаның бірінші кезеңінде жылына 45 000 – 110 000 туристер қабылдауға мүмкіндігі бар. Оның құрылыс барысында 1900 жұмыс орнымен және іске қосылғанда 400 тұрақты жұмыс орны ашылу жоспарлануда. 

«Зияратшылар орталығы» ғимаратын қайта құрылымдап оны «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығына» қайта жасақтау да ірі жобалардың қатарына жатады. Орталық дәстүрлі қолөнердің барлық түрлерін ұсынады: керамика, тоқыма, ағаш және былғарымен жұмыс, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен қола құю. Орталықта қолөнершілер үшін дуалды білім беру орталығы ашылады,-дейді облыс әкім Ө.Естайұлы. 

 Облыс әкімі  аталған жобалар кезеңімен  жүзеге асатынын жеткізді. 


Экономикалық аймақ ашылады
Ел саулығын жақсарту үшін...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу