Газ, су, жарық... Халық тапшылық көрмейді

Oinet.kz 18-06-2019 557

Screenshot_16.jpg

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев облыстық мәслихатының сессиясында өңірде инфрақұрылымның жақсаратынын тілге тиек етті. Барлық аудан, қалаларда ауыз су, газбен қамту, сапалы электр мәселелері бойынша тиянақты жұмыстар атқарылмақ. Газ мәселесі де шешімін тауып келеді. Екі айда 30 елді мекенге «көгілдір отын» тартылып, 45 мың адам газға қол жеткізген. Бұл жұмыс ары қарай да жалғасын тауып, осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 48 елді мекенге газ тарту жоспарланыпты.

Ағымдағы жылдың соңына дейін орталықтандырылған сумен жабдықталу көрсеткіші қалаларда 97,2 пайызға, ал, ауылдық елдімекендерде 80,4 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр. Түркістан қаласын дамыту, құрылыс нысандарын талапқа сай жүргізу жұмыстары да жоспарға сай атқарылады. Биылдың өзінде бірнеше ірі нысан пайдалануға беріледі.

 Жиында осы және өзге де деректерді сөйлеткен өңір басшысы ел Үкіметі тарапынан бөлінген әрбір тиын ел игілігі үшін жұмсалып, жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуы басты назарда болатынын жеткізді.

Түркістан облыстық мәслихатының 38-ші сессиясының күн тәртібінде түрлі салалар қамтылған 19 мәселе талқыланып, маңызды шешімдер қабылданды.


Түркістанға фотоэкспедиция жасаңыз
Бәйдібектіктерге көгілдір отын берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу