Жастар Түркістанды түлетпек

Oinet.kz 16-06-2019 695

Screenshot_5.jpg

Түркістандық жастар рухани шаһардың дамуына өзіндік үлестерін қоспақ. Мұндай ниеттерін жастар облыс облысы Өмірзақ Шөккевпен кездесу барысында жеткізді. Өз кезегінде  өңір басшысы  Түркістан облысын дамытуға арналған жас мемлекеттік қызметшілер әзірлеген үздік жобаларын толық қолдайтынын жеткізді.  

Жиында өз жобасын ұсынғандардың бірі Жанбота Оразбаева. Ол Түркістанның ыстық климатына арналған «I-Shatyr» жобасын ойлап тауыпты.    Ясауи кесенесі аймағында ыстықтан қорғайтын смарт шатырлар туристерді жаздың күні күннен қорғап, көлеңкелеуге арналған. Жобамен танысқан облыс әкімі жаңа жүйені күз мезгіліне қарай іске қосу қажеттігін тапсырды. 

«EKO-Jai» бұл – Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт үңгірі айланасында туристер үшін экологиялық шағын демалыс үйлерін салу жобасы. Жоба авторы Мәмет Нұрболдың айтуынша, экологиялық үйлерде туристерге барлық жағдай жасалады. Жалпы құны 50 млн. теңгеге 10 үй салуды ұсынып отыр. Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына жобаны жоспарға енгізіп, алдағы уақытта жүзеге асыру керектігін жүктеді.

Туризмді дамтытатын келесі жоба  «EthnoVillage» деп аталады.  Жоба  авторы Қоспаева Айжанның айтуынша, жалпы құны 40 млн. теңгені құрайды. Ясауи кесенесі аймағынан бой көтеретін этноауыл келуші туристерге қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен тағамдарын, төл ойындары мен қолөнерін таныстыратын болады. Жоба алдағы уақытта жүзеге асатын болады.

  Қорыта айтқанда «Жастар» жылы түркістандық жастарға мол мүмкіндіктерге жол ашып отыр. 


5 қаулы қабылданды
Қос кәсіпті қатар алып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу