Әрбір кездейсоқтықтың өз мақсаты, әр оқиғаның өз мәні болады

Oinet.kz 14-02-2019 1286

4748970e1ef97a7a4763c8fe0078a39f.jpg

1. Егер құс ұша алса, неге басқа жаққа ұшып кетпейді деп өзімнен үнемі сұраймын. Осы сұрақты өзіме де көп қоямын. Харун Яхия.

2. Махаббат ең тиімді салым. Неғұрлым көп берсең, соғұрлым көп аласың дейді. Меніңше мәселе басқада: неғұрлым көп жақсы көрсең, соғұрлым жаның мейірімге бөлене түседі. Адамның бәрі соны түсінсе, өмір сүру жеңіл болар еді. Одри Хепберн.

3. Адамның жасында айырмашылық болмайды, ал санасында айырмашылық көп.

4. Егер өмір тым жеңіл болса, құздан құлдырағаның. Тым ауыр болса, биікке өрлеп келе жатқаның.

5. Адамды келбетіне қарап емес, саған деген ілтипатына қарап бағала.

6. Ыстық сөз сенімге жетелейді. Жақсы ой қарым-қатынасты жақсартады. Ізгі істен махаббат туады.

7. Адам неғұрлым сабырлы болса, оның қауқары зор болмақ, ізгі әрі лайықты істерінің сауабы ұлғаяды. Сананың байсалды болуы – даналықтың ең ұлысы. Джеймс Аллен.

8. Әрбір кездейсоқтықтың өз мақсаты, әр уақиғаның өз мәні болады.

9. Бар жауап өз бойыңда. Кітаптарда жазылғаннан да көп білесің. Бірақ соның бәрін еске алу үшін кітап оқып, өзіңе қарап, өзіңді тыңдап, өзіңе сене білу керек. Лев Толстой.

10. Тек есі кірмеген адам ғана өзгелер мен туралы не ойлайды немесе мені кім деп атайды деп уайым шегеді. Сакураны қалай атасаң да ол гүлдегенде ғажап сұлу болады. Сакума Шозан.


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы



Үнсіздігіңізді түсінбеген адам сөзіңіздің де қадіріне жетпес
Шаштың түсуін емдеу үшін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу