Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
1. Әр әйелдің өмірінде ханзадаға деген сенім семіп, өзіне деген сенім бой көтеретін сәт туады.
2. Әрбір әйелге нені және кімді қалайтынын білу жеткілікті. КОКО.
3. Кінәліні іздеп әуре болма. Тағдырдан кінәлі ешкімді таппайсың. Әркім көтере алатынын жүк етеді.
4. Бақытты әйел деп кімді айтады? Жанынан өтіп бара жатқан сымбатты жігіттен көз алмай: «жейдесі қандай әдемі, күйеуіме де осындай әпермесем» деп ойлайтын әйел бақытты.
5. Әйел көрікті немесе бай азаматқа қызықпайды. Ол өзіне қамқор болатын адамды бағалайды.
6. Кейде кездейсоқ жасаған ақымақтық өміріңнің ең жарқын сәті болып қалады.
7. Адамның жарлы болғаны түк емес, жаны жұтаң болса, сол қасірет.
8. Кедей болу ұят емес, арзан болу ұят.
9. Егер еш қате жасамасаңыз, тым оңай есепті шешіп жүргеніңіз. Бұдан артық қателік жоқ.
10. Үнсіздігіңізді түсінбеген адам сөзіңіздің де қадіріне жетпес. Элберт Грин Хаббарт.
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы