Ауылын көркейтіп жатқан азаматтар көбейген

Oinet.kz 18-07-2019 663

Screenshot_21.jpg

Түркістан облысында туған ауылын көркейтіп жатқан азаматтардың қатары көбейіп жатыр.  Бүгінде кәсіпкерлер «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының «Алтын ұям»  жобасы бойынша аул-ауылда спорт нысандарын  салуды жақсы үрдіске айналдыруда. Мәселен  2019 жылдың сәуірінен бері өңірде он спорттық нысан ашылып,  біреуі толық жөндеуден өткен. 

Атап айтар болсақ  Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округінде спорт кешені салынса, Таскескен елді мекенінде шағын футбол алаңы ашылған. Бәйдібек ауданы, Кеңес елді мекенінде футбол, волейбол, баскетбол алаңы және балалар алаңшасы пайдалануға берілген. Сондай-ақ осы ауданда жабық футбол кешені жұмысын бастады. Ордабасы ауданы, Төрткөл елді мекенінде «Түзелбек ата» жабық спорт кешені ашылды. Оған демеушілер 20 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсаған. Осы аудандағы Қарақұм және Бөген ауылдарында да спорт кешені мен футбол алаңы бой көтерді. Төлеби, Шардара аудандарында да спорт кешендері ашылды.  Түркістан облысы аумағында алдағы уақытта да «Туған жер» жобасы аясында осындай игі істер жалғасын табады.



Түлектер сән-салтанаттың орнына қайрымдылық жасауда
Студенттер жатар орынға зәру болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу