818 «адалдық дүкені» ашылған

Oinet.kz 18-07-2019 619

Screenshot_10.jpg

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев  брифинг берді. Жиында департамент басшысы Түркістан облысында барлығы 606 мемлекеттік орган жұмыс істейді, оның 445-і жергілікті атқарушы және 161-і орталық органдардың аумақтық департаменттері  екенін мәлімдеді. 

Түркістанда «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді. Алты ай қорытындысы бойынша жобалық кеңсемен 438 іс-шара атқарылыпты. Аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарынан бастау алған. Өңірдегі жоғары қабатта отырған 316 мектеп директорының 308-і ашықтықты қамтамасыз ету үшін 1 қабатқа орналастырылған. Сонымен қоса, 8000-нан астам ауыл тұрғындарына «Ашық Түркістан» жобасы аясында құқықтық, заңнамалық көмектер көрсетіліп, 40 ауылдық әкімдіктерде барлық тұрғындарға қол жетімді тегін WI-FI, стационарлы тегін телефон, компьютер және принтерлер қойылды.  Бұл жоба аясында қоғам арасында  адалдық, парасаттылық негіздерін қалыптастыру мақсатында облысымызда соңғы 6 ай ішінде жобалық кеңсе бастамасымен,  818 «адалдық дүкені» ашылған.

«Биыл Түркістанда жұмысын бастаған ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалы мемлекеттік қызметтің тиімділігін күшейту мақсатында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырып, қайта даярлауды жүзеге асыруда. Академия филиалы Түркістан облысы әкімдігі мен агенттік департаментінің қолдауымен бірінші жартыжылдықта 5 қайта даярлау курсы мен 20 біліктілігін арттыру семинарында 646 мемлекеттік қызметшіні оқытты. Филиалда биыл 1092 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған. Бұған қоса, жоспардан тыс, ақысыз 10 семинарда – 279, жалпы, 923 адам оқытылды», – деді Ж. Байжомартұлы.



«Жастар жылында» «Жастар аллеясы» салынуда
Түркістан көш бастап тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу