«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында

Oinet.kz 16-08-2019 807


 68766185_365810817679961_2227464327122649088_o.jpg

Келес ауданының орталығы Абай ауылында 2019 жылға «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 23 көшені орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Абай ауылына кіре беріс тұсындағы көшелер А.Мамытбайұлы көшесіне суағар обектілері жеңімпаз мердігер мекеме тарапынан әкелініп орналастыру жұмыстары жүруде. Сондай-ақ аталған көше бойына аяқжол және жарық шамдары мен қатар асфальт төселу жұмыстарына да дайындық жүруде. Сонымен қатар А.Шаназаров көшесі де асфальтталуға көше бойы тегістеліп, жөндеу жұмысы жүруге дайындалуда. Аудандық жол мамандарының айтуынша алдымен осы уақытқа дейін жөндеу көрмеген көшелерден бастау алған құрылыс жұмыстары алдағы қазан айына аяқталуы жоспарлануда. Жалпы аудан орталығында орта жөндеуден өтетін 23 көше анықталып, олар: Т.Рыскұлов, Д.Қонаев, Алданазанов, Т.Тұмышев, С.Малдыбеков, Кыш зауыты, Даулет, Ырысты, А.Молдагұлова, Құрылыс, Б.Ермеков, Б.Оспанов, Т.Рысқұлов тұйық көшесі, Б.Қырғызалиев, Өркениет, Абай көшесінің екі тұйық көшесі, Наурыз, Абай, Кырғызалиев, А.Мамытбайұлы, Шаназаров және Шығыс м/а көшелеріне жалпы 28,19 шақырым жолға биыл орта жөндеу жұмыстары жүретін болады. Ал Келес ауданының жалпы елді мекендердегі ішкі көшелердің әр түрлі деңгейдегі жол жөндеу жұмыстырына аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, 59 – шақырым, яғни 32 көшенің жөл жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаз мердігер мекемесі анықталған соң, құрлыс жұмыстары жүргізілетін болады.

 



Жастар кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде
Мақтаарал эстафетаны Жетісайға тапсырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу