57 мыңнан астам тұрғын өтемақы алады

Oinet.kz 15-08-2019 646

Arys-hal-y.jpg

Бұған дейін айтылғандай, әскери оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласы мен оған жақын жатқан елдімекендердің тұрғындарына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді.

Қазіргі уақытта бір реттік өтемақы төлеу мақсатында 57 мыңнан астам тұрғынның мекен-жайы анықталған. 18 жастан асқан азаматтардың төлем карточкалары түгел дайындалып, 5 тамыздан бастап таратыла бастаған. Бүгінге дейін азаматтардың 85 пайызы өз төлем карточкаларын алған. Қалған тұрғындар 9 және 15 секторларда орналасқан мектеп пен балабақшадан барып алуға болады. Карточкалар толығымен таратылып болған соң, тиісті қаржы аударылады.

Мұндай мәліметтер жуарды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен жиында айтывлды. Аймақ басшысы тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын әлі де тездете түсу керектігін айтты. Жауаптыларға бірінші кезекте құрылыс жұмыстарын қажет ететін тұрғын үйлердің мәселесін тездетіп шешуді тапсырды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар мен жолдардың құрылыс жұмыстары және тұрғындар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін көмектер жоспарға сай дер кезінде көрсетілуі керек екенін ескертті.

 

 



Арыстағы жөндеу жұмыстары тамызда соңында аяқталады
Жемқорлыққа қарсы шаралар өтуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу