Мақтааралдық жастар «Адал жолды таңдайды»

Oinet.kz 15-08-2019 559


 68454140_342957453325303_5566221952839843840_n.jpg

Мақтаарал аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен “2019-жыл – Жастар жылы” аясында Еңбекші ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру мақсатында “Адал жолды таңдаймыз” ұранымен жастар марафон-эстафетасы болып өтті. Бұл туралы Мақтааралд аудандық «жастар ресурстық орталығы» хабарлады.

Жиынға округ жастарымен қатар ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, мектеп ұстаздары мен балабақша тәрбиешілері қатысып, бүгінде қоғамды жегі құрттай діңгегінен кеміріп жатқан сыбайлас жемқорлықтың қоғам дерті екенін айтып, қылмыстық жауапкершілігіне, алдын алу жолдарына тоқталды.

Жалпы жемқорлық қоғамның барлық саласына зиянын тигізетін,  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, елдің тұрақты дамуына зиян келтіретін фактор. Сондықтан азаматтардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсінік қалыптастыру бүгінгі күннің басты міндеті саналады. «Адал жолды таңдаймыз» ұранымен жер-жерде өтіп жатқан марафон-эстафетаның басты мақсаты да осы-жемқорлықақ қарсы мәдениетті қалыптастыру. Мұндай маңызыд іс-шара өзөге де өңірлерде жалғасын табатын болады.



«Қарапайым заттар экономикасы» несие береді
Қауын-қарбыз Мақтааралдың брендіне айналды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу