Түркістан жылу маусымына дайндалып жатыр

Oinet.kz 10-08-2019 705

68755994_2393226400937501_1771357818402635776_n.jpg

Түркістан жылу беру маусымына дайындалуда. Қала әкімі Рашид Аюпов қазандықта болып, қаланы 2019-2020 жылдарғы жылыту маусымына дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
№2 қазандықтың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 37 418,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңға жөндеу жұмыстарының 60% орындалған.
Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігі хабарлады.
Орталық жылу қазандығын қатты отынмен қамтамасыз ету үшін «Самғау Жасқанат» ЖШС-мен келісім шарт түзілді. 
Орталық жылу қазандығын қатты отыннан, табиғи газға ауыстыру бойынша:
да жұмыстар жүргізілуде. «Жылу» МКК-де қатты отыннан табиғи газбен жұмыс жасайтын қазандық орнатуға ЖСҚ дайындауға, жергілікті бюджеттен 4889,0 мың теңге бөлінген конкурс жарияланған болатын. Мердігер «МПК-ПРОЕКТ» ЖШС жеңімпаз атанып, ЖСҚ дайындалып сараптамаға жіберілді. 
Отырар мөлтек ауданындағы жаңадан салынған 26 көпқабатты тұрғын үйді жылыту үшін № 3 қазандық құрылысы аяқталып, сұйытылған және табиғи газ құрылғысы орнатылған. 
Жалпы, үйлер мен ғимараттарды қысқа дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 



Арысты қалпына келтіру 20 тамызда аяқталады
«Яссы несие» жаңа ғимарат салып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу