Өзбектер Түркістанның туристік әлеуетіне қызығушылық танытуда

Oinet.kz 07-08-2019 612

5d4a5e21e1550.jpg

Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.

Аталған әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға туризм саласындағы мемлекеттік мекеме өкілдері және 70-тен астам туристік ұйымдары қатысты. Онда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылып, Өзбекістанның туристік өкілдері зор қызығушылық танытты. Нәтижесінде, туристік ұйымдар арасында 10-нан астам келісімдерге қол қойылып, бірлескен туристтік маршруттар ұйымдастыруға келісті.

Сондай-ақ облыс делегациясы Ташкент қаласында «Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы және Бұқара қаласында «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығы жұмыстарымен танысып, бірқатар келісімдерге келді.

«Сузук-ота» қол өнер шеберлері орталығы 5 га аумақта орналасқан. 2017 жылы құрылысы басталып 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Орталықта 30-дан астам шеберханалар жұмыс істейді. Негізгі бағыты – ағаш өңдеу және ағаш бұйымдарын жасау. «Сузук-ота» тарихта Қожа Ахмет Ясауидың ең сүйікті немересі болған. Ал, «Базори корд» темір ұсталар мен «Пойи калон» тоқыма шеберлер орталығында 100-ден астам шеберлер орналасқан.

 



Мақтааралдық диқандар республикада бірінші
Басшылар Түркістанда мәселе талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу