«Жас сарбаз» қозғалысын дамыту қажет

Oinet.kz 02-08-2019 695

 

47633711e4e615b62d88f24fe8b411e1_L.jpg

Биылдың алты айында Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығымен» жастарға патриоттық тәрбие беретін  бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі-облыстық "Жастар ресурстық орталығы" ғимаратында "Жас Сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облысы филиалы ашық есік күнін өткізді.

Шараның мақсаты- "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының штабымен және орталықтың тынысымен таныстыру. Ашық есік күніне Түркістан қаласындағы жалпы білім беру ұйымдарының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалыстарының мүшелері қатысты.

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда «Жастар жылының» ашылу салтанатында Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев:

-Бүгінде бүкіл еліміз бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды құрылыс жұмыстарына жастарымыз белсенді атсалысуы керек. Осы саладағы компаниялардың бәрі студенттік құрылыс отрядтары үшін арнайы квота бөлгені жөн.   Осыған байланысты, рухани орталығымыз – Түркістан қаласын көркейту үшін зор мүмкіндіктер ашылып отыр. 

Үкімет облыс әкімімен бірлесіп, бұл мәселені өз бақылауына алуға тиіс.  Сондай-ақ, былтыр өзім бастап берген «Жас сарбаз» қозғалысы негізінде әскери-патриоттық тәрбие беру ісін дамыту қажет. Үкіметке 2025 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. «Жас сарбаз» бастамасының үлгісімен еліміздегі волонтерлерді, әсіресе, әлеуметтік жобалар саласындағы еріктілерді біріктіру қажет. Қазір дүниежүзінде жастар туризмін дамытудың өзектілігі артып келеді.  Бұл сала олардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады,-деген болатын.  

 

 



«Жастар жылындағы» жаңалықтар
Арысты қалпына келтіру аяқталуға жақын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу