Кездесуде жастарға психологиялық кеңестер берілді

Oinet.kz 01-08-2019 643


 68510093_334766774144371_2851154133245755392_n.jpg

«Жастар жылы» аясында Түркістан облысында жастарға, соның і шінде жас кәсіпкерлерге, жұмыс іздеген жастарға қатысты түрлі іс-шаралар өтуде. Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық полиция бөлімінің пробация қызметі бөлімшесінің бірге ұйымдастыруымен Атакент кентіндегі «Достық» мәдениет үйінде пробация қызметінің есебінде тұратын 29 жасқа дейінгі азаматтармен кездесу болып өтті.
Түрлі себептермен жаза басып, қылмыс жасаған азаматтарды қоғамға бейімдеу, оларды қылмыс пен құқықбұзушылықтан сақтандыру, араларындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында өткен басқосуда «Жастар ресурстық орталығы» КММ заңгерлері мен Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының психологтары заңгерлік және психологиялық кеңестер берді. Елдегі жастар саясатының жүргізілу барысы, кәсіпкерлікке жасалып жатқан қамқорлықтар, қысқа мерзімді оқыту курстары мен қайта даярлау бағыттары бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, толық ақпараттар берді.
Жиын соңында кез-келген мәселелер мен бастамалар бойынша көмек қолын созуға дайын екендіктерін айтқан орталық қызметкерлері қатысушылармен арнайы сұрақ-жауап жүргізілді.

 



«Алтын қор» жастардың кадрлық шарасы өтуде
Жастар түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу