«Жас кәсіпкер» жобасын түсіндірді

Oinet.kz 01-08-2019 766


 67628897_439954246600984_7929052404908032000_o.jpg

Тұңғыш президент, Елбасы Н.Назарбаевтың берген тапсырмасы сәйкес «Жастар жылында» жас кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Жас кәсіпкер» жобасының жүзеге асып жатқаны белгілі.

Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Атамекен» кәсіпкерлік мектебімен бірге «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» ғимаратының мәжіліс залында ауылдық округтен келген жас кәсіпкерлерге арналған «Жас Кәсіпкер» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» хабарлады.  

Басқосуда аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері Жақсыбай Әмре, аудандық Атамекен кәсіпкерлік мектебінің кеңесшісі Айсұлу Қожанова және заңгер Ақжол Тосымбеков қатысты.
Іс-шара соңында қатысушылар «Жас Кәсіпкер» жобасына жоғары бағаларын берісіп, жақсы тәжірибе алмасу болғандығын айтып тарқасты.

Бұл жобаны еліміздің барлық аймақтарында, негізгі үйлестірушісі ретінде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Жетісай аудандық филиалының Атамекен кәсіпкерлік мектебі ауданымыздың барлық қала, кенттермен ауыл округтерде өз ісін ашам дейтін азаматтарға кәсіпкерліктің алғашқы дайындық курсын және арнайы семинар-тренигтер, сонымен қатар тәжірибелік мастер класстар өткізіп, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдаулар көрсетуде.

 



Жас балуандар «ASIA OPEN» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды
«Қарты бар үйдің қазынасы бар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу