«Жастар жылындағы» игілікті шара

Oinet.kz 28-07-2019 799

67247424_331742234446825_6094235894951182336_n.jpg

#Birge#TazaQazaqstan жалпыхалықтық экологиялық акциясына мақтааралдық жұртшылық та өз үлестерін қосып, үлкен белсенділік танытты. Сөзіміздің дәлелі – аудан орталығы саналатын Мырзакент кентінің өзінде 15 мыңға жуық халықтың 9 мыңы 55 көшелерде сенбіліктер жасаса, 20 техника күл-қоқыстарды тасыды. Бұл туралы Мақтаарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі хабарлады.
Аталмыш игілікті шарадан аудан жастары да шет қалмады. Белсенді жастар топ-топқа бөлініп бірінші кезекте орталық және қызметіне тұрғындар жиі жүгінетін әлеуметтік нысандары бар көшелерде, аурухана, балабақша, мектептердің маңдарында тазалау жұмыстарын жүргізді. Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қаптарға салып, арнайы тіркемелерге тиеді.
Айта кетейік, бүгінде Мақтаарал ауданында 14 – 29 жас аралығында 32 331 жас болса, оның 14 пайызы, яғни, 4530-ы Мырзакент кентінде тұрады.
“Біздің мұндай тазалық жұмыстарымыз бүгінмен тоқтап қалмақ емес. Өйткені, бұл біздің әр аптада жасайтын жұмысымыз. Біздің қоршаған ортамыз таза болса, ауламыз таза болса, отыратын орынымыз бен жүретін жеріміз таза болса ты
ныстайтын ауамыз да таза, деніміз сау болады. Сонда ғана біз экологиялық таза, қауіпсіз елде өмір сүретін боламыз” дейді Мақтаарал аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Сүндет Кенжебаев.

 



Жастар сенбілікке белсене қатысуда
Кәсіпкер боламын деген жастар тегін оқып, стипендия алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу