Екі сиыры екі еселенді

Oinet.kz 22-06-2019 713

Screenshot_5.jpg

Түркістан обылысы егінге ғана емес сонымен қатар мал шаруашылығына да қолайлы өңір. Мал шаруашылығы облыстың  экономикасының дмауына елеулі үлес қосып отырған сала. Төрт түлікті табыс көзіне айналдырғандар әсіресе Сайрам ауданында көп. 

 Манкент ауылының тұрғыны Шухрат Әбдікәрімовтің қорасында осыдан бірнеше жыл бұрын небәрі екі сиыр болған. Қазір оның «Шерзат-1» деп аталатын шаруа қожалығында 120 ірі қара бар.

– Бүгінде елімізде мал шаруашылығымен айналысамын деушілерге жол ашық. Солардың бірі ретінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламамен мемлекеттен көмек алдым. Ол менің кәсібімнің ілгерілеуіне үлкен септігін тигізді, – дейді Шухрат Әбдікәрімов.

Кәсіпкер «ФудМастер» компаниясына күніне 1 тонна 800 литр сүт өткізеді. Одан бөлек Алматы қаласына ет жөнелтіп отырады. Айтуынша, бұл олардың отбасылық бизнесі. Төрт ұлы да осында еңбек етеді. Балаларының әрқайсысының айлық жалақысы 150 мың теңгені құрайды. Ал, одан өзге 7 жұмысшының айлығы 70 мың теңге болғанымен, кәсіпкер оларды баспанамен, күнделікті ішіп-жеммен толықтай қамтамасыз етіпті.

Бүгінде екі қолға бір күрек ұстауға арланып жүрген тепсе темір үзетін кейбір азаматтарға Шухрат Әбдікәрімовтің ісі үлгі етуге тұрарлық-ақ. Кәсіпкер алдағы уақытта шаруашылығын бұдан да кеңейтуді жоспарлап отыр. Оның малды азықтандыруға қажетті жем-шөп дайындайтын 75 гектар жері бар. Әзірге осы жеткілікті дейді, – ол.



Отырарда Қасым хан фильмі түсіріледі
Бөдене өсіріп табысқа кенеліп отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу