Ерке Есмаханмен шаңырақ көтерген Raim жұрттан жеке өмірін сөз қылуды тоқтатуын сұрады

Oinet.kz 23-01-2023 460

image.png

Жақында Ерке Есмаханмен некелескен Райымбек Бақтыгереев өздері туралы қаңқу сөзге тоқтау қоймақ. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қазақ елі! Біріншіден, былтырғы қаңтарға қарағанда биыл қуанышты ғой. Екіншіден, әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз мінсіз болып, неге сонша соңымызға түсіп алдыңыздар? Іздесе, әрқайсыңыздың кем тұсыңыз табылар. Пендешілікке салынбаңыздар. Үшіншіден, адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады. Біз – некеміз қиылған жанұямыз. Намыс, тәрбие, қасиеті жоқ, есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қаһарына қалмаңыздар. Естігілеріңіз келсе, айтайын. Біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмайтынымызды нық білеміз. Өтініш, тоқтатыңыздар”, – деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, жұлдызды жұп күні бұрын мешітте некелесіп, қуанышты жаңалықпен сүйіншілеген болатын.

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор
Нәрестеге хиджама жасау дұрыс па - Балалар дәрігері жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу