Елімізде ақпан айында күн райы қалай болады

Oinet.kz 23-01-2023

image.png

Еліміз бойынша ақпан айына ауа райы болжамы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдын ала болжам бойынша ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын. Оңтүстік өңірлерде нормадан 1 градус жоғары. Ақпан айында жауын-шашын республиканың басым бөлігінде қалыпты нормаға жуық. Атап айтқанда, Атырау, Маңғыстау, БҚО, Ақтөбе және Қостанай облыстарында жауын-шашын мөлшері нормада аз болады деп күтілуде. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу жауын нормадан асып түседі деп болжануда»,- деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов «Қазгидромет» мекемесінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, салыстырмалы түрде Қарағанды, Ақмола, СҚО, Қостанай және Ақтөбе облыстарында ылғал қоры жоғары. Ал БҚО, Атырау облысында керісінше төмен.


Алматыда алғашқы шетелдік көлік заңдастырылды
Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×