Алматыдағы «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды

Oinet.kz 16-01-2023 535

image.png

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасы "Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл азаматтар ҚР ҚК 190-бабы бойынша алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Оларды ұстап, Қарасай аудандық полиция бөлімінің изоляторына орналастыру бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. "Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығындағы 41 жастағы Данияр Абдіғапаров, 41 жастағы Жұмадин Патов, 39 жастағы Қанат Жақаев, 37 жастағы Айдос Нұрқалиевқа іздеу салынуда. 

Өткен жылдың ақпан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданы "қылмыскерлердің қараңғы ортасы" деп атап, жергілікті атқарушы органдарға үкіметпен бірлесіп, нарықта тәртіп орнатуды тапсырған болатын.

Несиесі бар сарбаздар оны 13 айдан кейін әскерден келгенде төлей алады
Жамбыл облысында ТікТок-та қауіпті ойын ойнаған 13 жастағы қыз өзіне қол салды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу