Қазақстандық полицейлердің адалдығы мен мінсіздігі тексерілетін болады

Oinet.kz 08-01-2023 635

image.png

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша оның орынбасарлары Алматы және Астана қалаларының патрульдік полициясының жеке құрамына нұсқаулық өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Марат Қожаев пен Игорь Лепеха еліміздің екі қаласында қоғамдық тәртіпті және халықтың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ететін қызметкерлердің дайындығын тексерді. Олар қоғамның сұраныстарына ден қойып, қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге, сондай-ақ сыпайы мінез-құлық пен этикалық нормаларды сақтауға бағытталған полицияның сервистік моделі аясындағы жұмысты еске салды. Сондай-ақ полицейлердің заңдылық пен тәртіпті сақтауына ерекше назар аударылды.

ІІМ Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтап жатыр (Integrity Сһеск). Мұндай тексерулердің нәтижелері қызмет өткеру және аттестация өткізу кезінде ескерілетін болады.

Айта кетейік, аталмыш пилоттық жобаны патрульдік полицияда сынақтан өткізу жоспарланып отыр. Себебі дәл осы қызметтің қызметкерлері күн сайын халықпен өзара іс-қимыл жасайды. Тексеруді әр түрлі жағдайларды модельдеу арқылы өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері жүргізетін болады.

Негізгі мақсат - құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

2022 жылы балаларға қойылған ең танымал есімдер белгілі болды
Қазақстанда депутаттар әр туған баласы үшін әйелдердің зейнетке шығу жасын қысқартуды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу