Түркістандық жас ақынның кітабы оқырмандарға жол тартты

Oinet.kz 10-10-2022 396

Сүндет Сейітов — қазақстандық ақын. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Түркістан облысының белсенді жас ақыны. Көптеген игі іс-шараларды ұйымдастырып, басы-қасында жүрді. Өңірдің абыройының асқақтауына барынша үлес қосып жүрген арда ақын. Жас та болса бас болып ақын-жазушылардың басын қосып әлеуетті рухани-мәдени жобаларды қолға алған. Жақырнда Сүндет "Ұмытпас" кітабын шығарып оқырмандарын қуантты. 

Screenshot_6.jpg

- Осы күнге дейін үш кітабым шықты. Жарым-жартылай ғана. Кітабы шыққан деген атым болғанмен, шығып жарытқан жоқ. Бірі елу, бірі отыз дана ғана болған шығар.. «Тәубе» деген кітабымды көршілерім шығарып берген. Бұл 18-ден 19-ға қараған шағымда жарық көрді. Одан кейінгі «Мәрия», «Икигай» деген кітаптар жоғарыда айтқандай, толық шықпады. Тіпті оған мүмкіндік болмады. Ал, «Ұмытпас» деген кітап ойдағыдай, көп тиражбен шыққалы тұр. Шыққанда да өте сапалы әрі бағалы һәм елдегі үздік баспадан шықпақ. 

Енді сіз сұраған «Ұмытпас» деген — ерке қыр гүлі. Әдетте бұны «ботагөз» деп атайды. Ұмытпас деген атау туралы аңыз бар. Ежелде патша серуенге шығып, гүл тере жүргенде, көзге көрінер-көрінбес гүлді басып кетеді екен. Содан гүл оған қатты өкпелеп, қызуы көтеріліп, ауырып қалған екен-мыс. Содан әлгі гүл: «сіз мені ұмытып кеттіңіз, мені алақыныңызға сап аяламадыңыз»,- деп патшаға датын айтады да, өзінің қателігін түсінген патша «сен менің есімде мәңгі қаласың, сені ұмытпаймын, бұдан бұлай сенің атың — Ұмытпас» деп атаған екен. Қызуы көтіріліп, ауырып қалды дегенімді түсінбей қалған шығарсыз; гүл — адам сияқты. Ол ауырады, жылайды, қуанады. Жалпы осылай.

Бұл жолы күшті баспадан шыққалы жатыр. «Меломан» деген республикадағы брендке айналған кітап дүкені кез келген кітапты қабылдай бермейді, ол кейде мүмкін емес. Ал, мына «Ұмытпасым» алдағы уақытта сол «Меломанның» сөресінде тұрады. Қысқасы, сол дүкенде сатылымға шығады. Ерекшелік осы!, - дейді Сүндет Сейітов кітабы жайлы.

Түркістанымыз мегаполистердің деңгейінде жан-жақты дамып шыға келді - Сүндет Сейітов
Бекасыл әулие әлі де терең зерттеуді қажет етеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу