Түркістанымыз мегаполистердің деңгейінде жан-жақты дамып шыға келді - Сүндет Сейітов

Oinet.kz 10-10-2022 380

Сүндет Сейітов – ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. 1998 жылы 3 қазанда, Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Көтерме ауданы, Шыназ ауылында туған. Қазіргі таңда Түркістан облысына танымал жас ақын. Облыстық мүшайраларда көптеп топ жарған. «Тәубе», «Мәрия», «Икигай», «Ұмытпас» жыр жинақтарының авторы. 

Screenshot_5.jpg

- Мен 2018-2022 жылдар аралығында түрлі салада жұмыс істедім. Әсіресе, әлеуметтік салада мол тәжірибе жинадым. Қызмет жолымды Түркістан облысының ішкі саясат саласында бастағанмын. 

Облыс болғалы төрт жыл уақыт өтті. Төрт жылда үш әкім келді. Сол үш әкімнің екеуінің біреуіне жақсы пікірімді айтқым келеді... 

...Ө. Шөкеев әкім бола сап, Түркістанның дамуына күш-қайратын салды. Үш жылда қышлақ деп жүрген Түркістанымыз мегаполистердің деңгейінде жан-жақты дамып шыға келді. 

Енді міне биыл уызына жарыған, кескін-келбеті жарасқан, ақылды да ақкөңіл адам Дархан Сатыбалды деген азамат Түркістан облысының басшылығына келді. Ол бұған дейін Шымкент қаласын басқарды, сосын облыс әкімінің орынбасары, сенат депутаты, шетелде елші қызметтерін атқарды. Дархан Сатыбалдының әкім болғанына көпшілік қуанды, жылы қарсы алды. Әкімімізді тағайындап, кім екенін анықтап алдық, енді ол назар аударуға тиіс мәселерді айтайын. Облыстың идеологиялық саясатын қалыпқа келтіру міндетті болуы қажет. Білім, денсаулық, руханият саласы Кеңес одағын әлі күнге аңсап келеді. Облыс тұрғындарының біліміндегі, денсаулығындағы, тұла бойындағы, рухындағы мәселердің шешілгенін қалаймын, - дейді жас ақын. 

Ақынның айтуынша, Қазақстан сыртқа тауар шығару мәселесін жолға қою керек. Сол кезде ғана ел экономикасы артады. 

- Бізге импорттан гөрі, экспорт жасаған өте тиімді. Әрине, шет ақын-жазушыларын мұндағы қауыммен табыстыра берерміз, бірақ өзімізден шыққан әдеби дүниені оларға бермесең, не бере алмасаң, әлем кезіп дым таппассың. Бізге әлем әдебиетін меңгеру, оны оқу, зерделеу өте қажет дүние, - дейді Сүндет Сейітов. 

«Түркістан талғамымды биік етті»: Ақбота Бейбітбек
Түркістандық жас ақынның кітабы оқырмандарға жол тартты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу