«Түркістан талғамымды биік етті»: Ақбота Бейбітбек

Oinet.kz 15-10-2022 878

Ақбота Бейбітбек - Түркістан облысына танымал жас ақын. Ол көптеген байқаулардың жеңімпазы. Өткен жылы Қазақстан Жазушылар Одағының құрамына өтіп, оқырмандарынын отты жырларымен сусындатып келеді. Түркістандық жас ақын қыз шығармашылық жол оңай емес екенін айтты.

Screenshot_4.jpg

–  Ақындық қыз балаға ауыр жол дегенді көп естідім. Бір жағынан жаны бар сөз. Бір жағынан аса бір жапа шектім деп те айта алмаймын. Осы қасиетті де, қасіретті де сүйемін. Дүниеге екінші рет келсем де ақын болуға қарсы болмас едім. Адам қолымен жасалған кей қасіреттерді жеңілдеткен де қаламның қасиеті. 

Бала кезімде 10-11 жасым болса керек, сурет салғанды жақсы көрдім. Үнемі таудың суретін салушы едім. Түркістанда өсіп, тау көрмеген қыздың бірі едім ғой. Тау-тау армандарым шығар таудан биік болмасам да, талғамымды биік еткен. 

Өсе келе кей таудай адамдардың, тарыдай ғана екенін көріп қынжылатынмын.

Көрмеген тауды сала беріп, бір күні қиялым да таусылса керек. Ішкі толқынысымды суретпен жеткізе алмайтынымды түсіндім бала болсам да. Толғаныстарым тақпаққа, тақпақтан шатпаққа, шатпақтан өлеңге айнала бастады жыл өте.

Бойжеткенше әже тәрбиесін көрдім. Ауыз әдебиеті үлгілеріне бала кезден қанықпын. Бала қиялымның ертерек дамып, сөздің киесіне тереңірек үңілуге де осы әже мектебі әсер етті деп ойлаймын. Өмір де ерте есейтіп жібереді екен бір жағы, - дейді Ақбота Бейбітбек. 

Ақбота Бейбітбек, жас ақын: «Түркістан - көңілімнің астанасы»
Түркістанымыз мегаполистердің деңгейінде жан-жақты дамып шыға келді - Сүндет Сейітов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу