«Атамекеннің» еңбегі көп

Oinet.kz 10-09-2022 1201

Screenshot_71.png

Сайрам ауданында ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік саласы жақсы дамыған. Осы салада өнім сапасы мен көлемі жағынан көрсеткіштер жыл сайын артуда. Қол жеткізіп отырған табыстарға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Сайрам аудандық филиалының қосып отырған өзіндік үлесі бар.

  Бұл орайда, бүгін аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков аталған филиалдың басшысы мен ұжымын «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына 9 жыл толу күнімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Филиал директоры Ғалымжан Байболов, қызметкерлері Қайрат Асылболатов және М.Омаров, жеке кәсіпкер Сиқымбай Сағындықовтар белсенді еңбектері үшін грамота және алғыс хаттармен марапатталды. 

 Айта кетелік, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен әрі қарай дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру, бизнестің және мемлекетпен кәсіпкерлер арасында  сенімді диалог алаңын құру жолымен кәсіпкерлікті шоғырландыру, қорғау және тұрақты дамыту мақсатында құрылған.

 Ауданда 2014 жылдан бастап облыстық Кәсіпкерлер палатасының Сайрам аудандық филиалы тіркеліп, қызметін атқаруда. 2014 жылдан 2015 жылға дейін өңірлік кәсіпкерлік палатасы ісін жаңадан бастаған және әрекеттегі кәсіпкерлерге тегін кеңес және сервистік заңгерлік, бухгалтерлік, статистикалық есептілікті тапсыру тағы да басқа рұқсаттама қызметтері көрсетілді. 2015 жылдан бастап аталған мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 деңгейлі банк шағын МҚҰ-мен кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларда сүйемелдеу қызметтері көрсетілді.

 Атап айтқанда:  кәсіпкерлердің құқығын қорғау - 96 кәсіпкер; кәсіпкерлерге қаржылай емес және мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер - 2700;  кәсіпкерлерге (несие алу) жобаларды сүйемелдеу бойынша - 980 жоба 3 000 000 000 жуық қаржыландырылып, 2500 жуық адам жұмыспен қамтылды; тауар өндірушілерге сертификат алу - 100 жуық;  кәсіпкерлерге шет елдерден біліктілігін арттыру бойынша маман тарту;  өңірдегі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге аудан әкімдігі мен кәсіпкерлерімен бірлесіп, гуманитарлық көмек көрсетілді.

Әкім кәсіпкерге ризашылығын білдірді
Ханқорғанның қазақ үшін жөні бөлек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу