Хрущевтің немересі Украина мен Ресей арасындағы соғыс немен бітетінін айтты
Хрущевтің немересі Нина Хрущева былай дейді:
"Украина соғысы Ресей үшін сұмдық жағдаймен, апатпен аяқталады. Ауғанстандағы сияқты болады. Масқара болып шығуы мүмкін немесе масқара болып қателіктерін мойындайды, тіпті мойындамаса да мойындатуы мүмкін. Менің көзқарасым бойынша Кремль 24-ақпанда сұмдық қателікке бой алдырды. Ресейдің болашағы үшін бұл үлкен қателік болды. Менің ойымша Украина шыдайды және болашақта керемет елге айналады. Хрущев гүлденіп, өркендеген Украинаны көрсе қуанар еді деп ойлаймын.
Оның (Путиннің) танымалдығы халық арасында артып келеді, өйткені Батыс бүгін кезекті мәрте Ресейді оқшаулай бастады. Сондықтан Путинде әзірге халық қолдауы бар. Бірақ ол экономикалық санкциялардың әсері біліне бастағанша болатын қолдау. Сөрелерден азық-түлік пен киім таппайтын сәтке жеткенше ғана болатын қолдауды айтамын. Сіз КСРО-да қалай болғанын жақсы білетін шығарсыз. Дефицит пайда болғанда, халықтың наразылығы арта түседі. Адамдар бір күні Италияға барып демалғысы келетін сәтте сыртқа шыға алмайды, халықтың ішкі наразылығы күшейе түседі. Қашан екенін нақты айта алмаймын.
Хрущевті қайта еске алайықшы. Оны күтпеген жерден тақтан алып тастады ғой. Ол өзін алып тастайтынын білді және қарсы әрекет жасаған жоқ. Бір сәтте алып тастады. Билік пен мемлекет үшін бұл күтпеген жайт болды. Путин үшін де барлығы бір сәтте және күтпеген негізде болуы бек мүмкін" дейді ол.
Асхат Қасенғалидың Facebook парақшасынан