Екпе алмаған қазақстандықтар енді еркін жүре алады
"Ashyq" жобасының қатысушылары үшін қолданыстағы шектеулерді жеңілдету туралы республиканың бас санитарлық дәрігерінің бүгінгі қаулысына түсініктемелер жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қызыл" аймақтағы қалалар мен елді-мекендердегі сауда орталықтарына және сауда желілеріне, көрмелерге, караокеге, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге, спорттық іс-шаралар мен марафондарға бейтарап "көк" мәртебесі бар келушілерге кіруге рұқсат етілді.
Денсаулық сақтау және діни мекемелер, ойын клубтары, казиноларға, 70%-ға дейін толы болған жағдайда салтанатты кештер мен еске алу шараларын ұйымдастыруға рұқсат берілді.
Сонымен қатар, "сары" аймақтарда барлық қызмет түрлеріне шектеулер алынып тасталды, ауру белгілері болмаған жағдайда байланыста болғандарды үй карантиніне оқшаулау алынып тасталды.