Туристік индустрия дамытуға мақсатында меморандумға қол қойылды

Oinet.kz 21-05-2021 433

image.png

2200 жылдық тарихы бар Шымкентке қызығушылық танытатын туристердің саны уақыт өткен сайын артып келеді. Сондықтан алдағы уақытта да «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы тарапынан түрлі туристік жобалар әзірленіп, ақпараттық-насихаттық жұмыстарға басымдық берілетін болады. 

Шымкент қаласы Туризм басқармасының «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы мен «Шым қала» тарихи-мәдени кешені өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Маңызды рәсім Халықаралық музей күні аясында ұйымдастырылған іс-шара барысында жүзеге асты. 

«Ескі қалашық «ҚР туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген болатын. Қала қонақтарына шаһар шежіресімен терең танысуына мүмкіндігі беретін Цитадель жобасының VR-ролигі әзірленген. Аталған жоба арқылы тұрғындар мен қала қонақтары Цитадельдің ежелгі тарихынан бергі көріністі 3 тілде виртуалды тамашалайды. Яғни, Шымкент қаласының үздік деген туристік нысандарын VR Oculus Go көзілдірігімен көре алады,- дейді «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының басшысы А.Раманов.

Аталған келісім аясында тараптар Шымкент қаласының қонақтары мен тұрғындарына бірлескен туристік қызметтер ұсынады. Туристік индустрияны дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап «Цитадель» қалашығы маңында туристік ақпараттық орталықтың ақпараттық киоскілері ашылып өз жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда дүңгіршек қызметкерлері келушілерге мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес беруде. 

Айта кетейік, қазіргі таңда қаланың көрікті 6 нүктесінде туристерге туристік қызметті кешенді түрде алуға мүмкіндік беретін орталықтар «Бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетуде.


«Ақылды аялдама» тұрғындарға пана
Шымкентте тағы 14 базалық станция орнатылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу