Қала әкімінің орынбасары кәсіпкерлермен кездесті
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев үнемі кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Шағын және орта бизнестегі мәселелер бойынша Еңбекші ауданының бірқатар кәсіпкерлерімен және сала мамандарымен кездесті. Бас қосуға кәсіпкерлік және индустириалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков, «Shymkent» ӘКК төраға орынбасары Ерлан Қаттабеков пен ауыл шарушылығы және ветеринария басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің күрделі мәселелері тыңдалып, оның шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен оның тиімділігі айтылып өтті.
Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары.
Бір пайыздық жеңілдетілген несие және көше саудасы бағдарламалары бойынша кеңес беретін Фронт-офис барын тілге тиек еткен қала әкімінің орынбасары мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетуге дайын екені, қандай құралдар бар екені туралы кәсіпкерлерді ақпараттандырып отыратынын жеткізді.