Шаһарда 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады

Oinet.kz 14-04-2021 757

Screenshot_13.jpg

Әрбір істің соңында берер есебі бар болады демекші, Шымкент қаласына қарасты басқарма басшылары өздерінің жаңа жылдан бергі жұмыстары бойынша есеп беруде. Олардың арасында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбеков те бар. Ол жыл басынан бергі үш айлық жұмыстардың есебін баяндады. 

Қалада инвестициялық штаб құрылып ел экономикасын арттыруда қандай шаралар жүргізу керек екенін тікелей бақылауда ұстап отыр. Және де Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. 2021 жылы құны 16,3 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ретте 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

2021 жылы ауыл шаруашылығы саласына 16,3 млрд теңге қосымша инвестиция тартылады. 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылады. 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарда. Сонымен қатар, 71,7 мың тонна өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріледі (бидай, арпа, жүгері, көкөніс, бақша, картоп, жеміс). 

Атап айтқанда, биыл аумағы 18 гектар жылыжай кешенін (4,8 млрд теңге) құру, 241 гектарды құрайтын босалқы жерлерге алма бауын егу бойынша 3 жоба (4,7 млрд. теңге), 1700 бас ірі қара мал бордақылайтын 10 жоба (685 млн. тг.) және тағы басқа өндіріс өндіріс орындары ашылады.

Нәтижесінде, жалпы өнімнің көлемі 37 млрд. теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді деп болжанып отыр. 


Қала басшысы жіп иіру фабрикасы жұмысымен танысты
Мектептер құрылысына инвесторлар керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу