Қала басшысы жіп иіру фабрикасы жұмысымен танысты

Oinet.kz 13-04-2021 827

Screenshot_12.jpg

Ішкі нарықты отандық тауарлармен молықтыру, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру және, ең алдымен, халық тұтынатын тауарлардың кең номенклатурасын шығару үшін кәсіпкерлерге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар. Солардың бірі – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы

Индустрия, инновация, инвестиция – экономика саласының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын күретамыры іспетті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2019 жылы қайта іске қосылған «Alliance» жіп иіру фабрикасында болды. Фабрика жылына 5000 тонна мақта талшығын өңдеп, 4500 тонна иірімжіп өндіруге қауқарлы. 

Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында қала басшысы Оңтүстікте өндірілетін мақтаның барлығын толығымен Шымкент қаласында өңдеу – үшінші мегаполистің экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті. 

Өткен жылы 268 млн. 158 мың теңге көлемінде өнім өндірілген. Сонымен қатар, еліміздің аймақтарынан бөлек шетелдерге де жіп өнімдері экспортталып жатыр. Мәселен, Түркияға – 127 тонна, Ресейге – 40 тонна, Қытайға – 116 тонна және Румынияға – 13 тонна иірімжіп экспортталған.

Бүгінгі таңда тігін фабрикасында 78 адам жұмыспен қамтылған. Бұл әрі Шымкент қаласындағы тұрғындарға жұмыс тауып берген жоба есебінде саналып отыр. 


Жекеменшік балабақшалар саны артады
Шаһарда 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу