Экологиялық талаптары сақталған зауыт
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» зауытында қалдықты азайтуға және жоюға, қалдықты қоршаған ортаға орналастыруға бағытталған модернизация қондырғылары қонақтарды таң қалдырды. Олар ПҚОП өз қызметін ҚР экологиялық заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жүргізетініне көз жеткізді.Экологиялық жаңа Кодекстің талаптары күшейтілді. Сондықтан зауыт басшылығы осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға ниетті. Табиғатты қорғау шараларына сәйкес келесі 5 жылға үлкен жобалар белгіленген.
-Аталған жоспар ҚР Экология және геология министрлігімен келісім арқылы ж бекітілді. Оның шеңберінде белгілі бір іс-шаралар, АСМ және мониторингтің автоматты жүйесін орнату жоспарланған. Өйткені 2023 жылдан бастап Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес 1-санаттағы барлық ірі кәсіпорындар онлайн режимінде автоматты түрде бақылау енгізуі және барлық мәліметтерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беруі тиіс. Сондықтан осы бағытта ПҚОП жұмыс жүргізуде. Біз алдағы 5 жылда пештерді жетілдіруді жоспарлап отырмыз, онда газды пайдалануға арналған форсункаларды ауыстыру көзделген. Ол қадам арқылы атмосфераға күкіртті ангидрид шығарындысын қысқарту мүмкін,- диді ПҚОП ЖШС табиғатты қорғау бөлімі басшысы Бағила Тұрғанбаева.
Зауыттағы технологиялық процесс бірыңғай автоматтандырылған бақылау жүйесіне бағынады. Аварияға қарсы автоматты қорғаудың жоғары деңгейі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. Яғни авариялық жағдайдың туындау ықтималдығын барынша азайтады. Қауіпті газдың бөлінуін болдырмау үшін жұмыс аймағында күкіртсутек, көмірсутекті газдардың және бу автоматты түрде бақыланады.
P.S. Кәсіпорындағы тың тірліктер зауыт айналасындағы тұрғындардың қауіпсіздігін назарда ұстаған. Қарабастау елді мекені тұрғындары өздерінің, балаларының денсаулығына алаңдйтын. Зауыттағы жетілдірілген жүйе арқылы адам денсаулығына қауіп бар деп уайымдау негізсіз екеніне көз жеткіздік.