Байқауға қатысып, инвестициялық жобаңды іске асыр!
Кез-келген кәсіпті бастау үшін алдымен идея одан соң қаражат керек. Қазіргі таңда елімізде бизнес кәсіпкерлерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар көп. Жуырда Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін «5 млн. теңгеге дейінгі» мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау өткізу туралы хабарлайды.
Негізінен айта өтейік, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша микро және шағын кәсіпкерлік нысандарын пайыздық ставканың бір бөлігін ішінара кепілдік арқылы қаржылық қолдау көрсетіледі. Кәсіпкер инвестициялық мақсаттарға - 20 миллион, айналым қаражатын толықтыруға - 5 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Несие мөлшерлемесінің тек 6% төлейді.
Байқауға қатысу үшін өтінім беру орны: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі 304г, «Бизнеске арналған үкімет»
Байқауға құжаттамаға өтінімдерді ұсыну мерзімдері
Өтінімдерді беруді бастау күні мен уақыты: 2021 жылдың 5 сәуірі сағат 10-00-ден бастап;
Өтінімдерді беруді аяқтау күні мен уақыты: 2021 жылғы 19 сәуірі сағат 13-00-ге дейін;
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Байланыс телефондары: 8 (7252)-24-74-23, 8(7252)-24-74-25, 8(7252)-24-74-27 (толық ақпарат Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында орналасқан shymkent.gov.kz, «Кәсіпкерлік» бөлімінде).
Бүгінде экономиканың әртүрлі секторында қызмет көрсететін шағын және орта бизнес пен өңдеу өнеркәсібінде табыс тауып жатқан ірі кәсіпорындар қаржылай қолдауға ие болуда. Сондықтан байқауға қатысып, бағыңды сынап көр!