Сауықтыру орталығы креативті туризмді қолдайды
Түлік патшасы жылқыны баптау , оған күтім жасау, қажетіне жарату әдет-ғұрыпымыздың бір бөлігі. Міне, бүгінде сол дәстүрді сақтап “Ақкен- Саумал” емдік әрі сауықтыру орталығы қарқынды жұмыс жүргізуде. "Shymkent tourism center" командасы да, шипалы мекенге ат басын бұрды.
Өңірдегі алғашқы сұранысқа ие сауықтыру орталығы болғандықтан, туристік нысан ретінде қарастырылу жайлы сөз қозғалды. Яғни, емделушілермен қоса таза ауа, табиғи өнім, керемет көрініске тәнті болар туристтерді еліктіру.
Ұсыныс бойынша сауықтыру орталығының маңына киіз үй құрып, ұлттық тағамдарға бай ас мәзірі дайындалады. Ұсынысты емдік орталық басшылығы қолдай түсті. Сондай-ақ ішкі туристтердің ағымын айтарлықтай арттыратын “Креативті Туризм” жайлы да ой тасталды.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Медициналық және санаторий-курорттық туризм» бағыты бойынша қазақ халқының өмір сүру салтының креативті жағын таныту. Мысалы: келуші қонақтар Атқа мініп, өз қолдарымен нан даярлап, күбі пісіп, құрт жасап, ұлттық ас даярлау түрлі аспаптарда ойнап ,көңіл сергітуге мүмкіндік алады. Өздері даярлаған астан дәм татып, табиғаттағы серуен таптырмас демалыс.
Оңтүстік өңірдің тың жобаларының бірі бүгінгі таңда 50 адамды емдік қасиеті мол сусынмен қамтамасыз етуге қауқарлы. Оған қоса жақында 50 адамға жаңа ғимарат бітуге жақын.
Ескеретіні, орталыққа дені сау, сүті мол , кең құрсақты сақа биелер таңдалып алынған. Орталықта ем-дом қабылдаушыларға барлық қажеттілік қарастырылған. Тіпті, шипалық мекеннің таулы аймақтан ашылуыда әубастағы жоспар.
Саумалы ішумен қатар , таза ауаның пайдасы ерекше ескерілген. Орталықта әр тұтынушыға арнайы жеке ем тәртібі ұсынылады. Көз алдында 3 мезгіл сауылған бие сүтін құйып ішкізеді. Себебі, сусынның емдік дәрумендері жаңа сауылған күйде анағұрлым пайдалы болып табылады.
Саумалыдан бөлек, мұнда табиғи қоспасыз таза өнімнен ас, түрлі минералдарға бай шипалы суға толы ванналар бар. Тыныс алу, жүйке жүйесіне, тері ауруларына үлкен емдік қасиеті бар арнайы “ спелеокамера”, яғни тұзды бөлме қарастырылған.