Кәсіпке қолайлы мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

Oinet.kz 19-03-2021 513

image.png

Қазіргі таңда халықты түрлі мемлекеттік бағдарламалармен таныстырып отыру маңызды. Себебі тұрғындар арасында қолынан іс келсе де қолдау таппайтын шеберлер, он саусағынан өнер тамғандар баршылық. Сондай кісілерді қолдау мақсатында Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби ауданының тұрғындарына «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағадарламар, шағын және орта бизнесті дамыту» тақырыбында жиын өткізілді.

Бұл жиынның мақсаты – халыққа қолдау көрсетіп, бизнеске қажетті түрлі бағдарламалардан хабардар ету  болатын. Аталған жиынға қалалық кәсіпкерлік және индустриялды инновациялық даму, жұмыспен қамту орталығының мамандары, сонымен бірге «Shymkent» ӘКК» АҚ, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның өкілдері қатысты. 

Мамандардың басын қосқан жиында:

- Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік қолдаулар оның ішінде «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасы;

- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы;

- «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы;

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Қазақстанда ең алғаш өндірілген шыны мозайка үшінші мегаполисте
Наурыз думан алдындағы көгеру мен көркею
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу