Декоративті әйнек өңдеу өндірісі дамуда

Oinet.kz 17-03-2021 475

Screenshot_2.jpg

Бүгінде әр адам жеке өзіне жұмыс істегісі келеді. Яғни, заман дамыған сайын жеке тұлғалар өз қабілетіне орай, икеміне қарай жеке шаруасын бастап жатады. Мәселен, Шымкент қаласында жеке кәсіпкер Максим Тулин заманауи көркемдік және декоративті әйнек өңдеу өндірісін кеңейтуде. Жобаның басты ерекшелігі – кәсіпкер экологиялық таза материалдардан жасалатын өнім шығарады. Ассортименттің тізіміне фасет, хромдау, аквапринт, әйнекті декоративті өңдеу, екі қабатты терезелерді құрастыру және өндіру сияқты қызметтер кіреді.

Соңғы жылдары компания көбінесе ескі технологияны қолдана отырып, металл емес минералды өнімдер өндіретін. Алайда қажетті жабдықтар мен білікті кадрлардың жетіспеушілігінен компания өндіріс көлемін ұлғайта алмады. 

Осы тұста Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасына сәйкес  Даму» КДҚ» АҚ арқылы ЕДБ кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау туралы ақпараттар хабардар жеке кәсіпкер бұл бағдарламаны ұтымды пайдалануға тырысқан. 

М. Тулин 2020 жылы әйнек өңдейтін жабдықты сатып алу үшін «Даму» Қорына жүгінді. «Нұрбанк» АҚ 14,5%-бен аталған жобаны қаржыландырса, оның 8,5 %-ын «Даму» Қоры субсидиялауда.

Бүгінде компания жаңа технологияларды енгізіп, өндіріс көлемін ұлғайту бағытына бет бұрды. 


Медициналық мекеме мемлекеттік бағдарламамен жаңа аппараттарға қол жеткізді
Шымкентте инвестициялық штаб құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу