Жас анаға 5 кеңес
«Ана болуыңызбен құттықтаймыз» – әйел өміріндегі ең бақытты сөздердің бірі. Баланың пайда болуымен әйелдің өмірі түбегейлі өзгереді. Сол өзгерістер жақсы жағына болу үшін бірнеше кеңеске құлақ түріңіз. 1.Көмектен бас тартпаңыз. Мықты әрі тәуелсіз болу – керемет, бірақ икем тәжірибемен келеді.
Ал, әзірге, бала жөргегін құрбыңыздан алдыртыңыз, азық-түлікке күйеуіңіз барсын және әжесі немересін қарағысы келген уақытта бас тартпаңыз. Оларға көмектесу қиынға соқпайды, ал сіз шаршап жүрмейсіз. 2. Қаһарман болуға тырыспаңыз. «Мінсіз ана және мінсіз әйел боламын» деп ең маңызды нәрселерді өткізіп алуыңыз мүмкін. Үтіктелмеген киім, бөлмедегі жиналмаған ойыншықтар және босанудан кейінгі артық бірнеше килограмм – аса қауіпті проблема емес.
Өзіңізді мінсіз еместігіңіз үшін қинағанша, ең бағалы уақытыңызды отбасыңызбен қуанышты өткізіңіз. 3. Сәнденуді ұмытпаңыз. Шаш үлгіңізді өзгертіңіз, мүмкіндік болса, гардеробыңыздағы киімдерді жаңартып тұрыңыз. Үйге киетін киіміңізде дақтар болмағанын қадағалаңыз. Сіз ана болумен қатар, әйел екеніңізді ұмытпаңыз. 4. Көршілерді (немесе үлкендерді) әркез тыңдай бермеңіз. Әрине, үлкендер өмірде біраз нәрсені көрді, бірақ олар сіздің балаңызға не керектігін сізден артық білмейді. Әдептілік сақтап, олардың айтқанын тыңдаңыз, бірақ егер жүрегіңіз балаға басқа нәрсе қажеттігін айтып тұрса, өздігінше істеңіз. Басқаға әрекетіңізді дәлелдеуге немесе түсіндіруге міндетті емессіз. 5. Демалыңыз. Ананың жұмыс кестесі – түскі үзіліссіз аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат. Сөзсіз, миыңыз демалысты қажет етеді. Балаға да, ата-анаға да арасында демалыс керек. Күйеуіңізбен серуендеуге, құрбыңызбен шай ішуге барыңыз немесе өз-өзіңізбен болыңыз. Мұндай уақыт өткізудің сізге пайдасы тиеді.
Дереккөз: massaget.kz