Танымал әзілкеш Шымкенттегі бизнеске айналып кеткен тойларды сынады
Oinet.kz хабарлайды - «Өз ойым» бағдарламасындағы келеңсіз тақырыптарға наразылық танытқан әзілкеш Нұрболхан Шарапов Шымкенттегі тойлар жайлы ойын білдірді. Оның айтуынша Шымкенттегі тойлар бизнеске айналып кеткен. Бұл жөнінде ол тележүргізуші, журналист Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында мәлімдеді.
– Шымкентте той басқару мен үшін қиын. Себебі, ондағы халық көп шоудан шаршап кеткен сияқты. Трио көп, әншілер көп, ұзақ тілек көп. Қазір енді тілектерді қысқартып жатқан шығар. Бірақ, кім тілек айтып болады, сол адам қайтып кете береді. Тойдың соңында тек жастармен отырасың, болды. Басқа жақта ондай емес. Тойдың соңына дейін отырады. Шымкентте сол нәрсені құрту керек сияқты (тойдың соңына дейін отырмай қайтып кетуді - автор)
Шымкентте тойды бизнес қылып тастаған. Той жасайтын кезде де ойланады. «700 адам шақырсақ, оның әрбірін 5 мыңнан есептейікші» дейді мысалы. «Охо, 3 жарым миллиондай ақша түседі екен ғой. Болды, 1 милион теңгесіне ресторанды жабамыз. 500 мыңды қарызға береміз. Өзімізге 2 миллион теңге қалады екен» деген оймен жасауы мүмкін тойды бір жағы. «Біздің қуанышымыз» деп жасайтындар аз сияқты, – деп Нұрболхан Шарапов өз ойын білдірді.