Көрмені онлайн тамашалады

Oinet.kz 02-05-2020

Screenshot_30.png

Төтенше жағдайда үйге жіпсіз байланған халықты бір сәт рухани қолдау үшін «Көрме орталығы» Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын негізге ала отырып, адам жанына мәдени азық болатын «Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі» атты онлайн-көрме  ұйымдастырды. Мақсаты – үйде отырған аналарымыз бен жас бойжеткендерді ұлттық қолөнерге баулу, шеберлілігін дамыту. Сонымен қатар, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, олардың жасаған бұйымдарын халық арасында кеңінен насихаттау, жас әрі дарынды қолөнершілерді анықтау сынды маңызды аспектілерді мақсат тұтты. Үйде отырып аймақтағы туризмді дамытуға ықпал ету қазіргі кезеңде басты мақсат саналады. Бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, кәсіп ретінде дамыту қазіргі карантин режимі кезінде де өз маңызын жоғалтпақ емес. Бұл – қиын тұста сынаққа сынбай, мәдениетті қолға алуға алынған онлайн шара. Әрі Шымкент ТДМ елдерінің мәдени астанасы болғандықтан қарап отыруға негіз жоқ.

Қолөнер көрмесі бір бөлменің ішінде өтіп, аз қатысушыны қамтыды. Осындай форматта өткен көрме өз маңыздылығын жоғалта қоймады. Керісінше, ұжымның қызметкерлері барын салып еңбек етіп, көрерменнің барынша кеңінен тамашалауына мүмкіндік жасады. Онлайн шара барысында ұйымдастырушылар көрмеге қойылған қолөнер бұйымдарымен тегіс таныстырып өтті. Шеберлер ұсынған бұйымдар - жәдігер емес, қолдануға жарамды дүниелер. Он саусағынан өнер тамғандар ағаштан жасалған бұйымдар мен былғарыдан тігілген бұйымдарын ұсынған екен. Ондағы бұйымдарды жұрт сән үшін емес, күнделікті қолданысқа тұтынуға да қажетіне жарата алады. Мәселен, заманауи әмиян мен қол дорбаларды дәстүрлі оюлармен әспеттеп, таза былғарыдан жасаған.


Дәстүрді дәріптеді
Еңбектері бағаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×