Қамқоршыларға қамқорлық көрсетті

Oinet.kz 25-04-2020 575

Screenshot_17.png

"Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігі «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалымен бірге «Біз біргеміз!» акциясын өткізді. Бұл туралы Шымкент қаласы және Түркістан облысының аумақтық кәсіподақтар орталығы бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов мәлімдеді. 

Акция аясында қиын шақта күндіз-түні еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетілді. Тұрғындар қауіпсіздігі үшін Шымкент қаласынан шығатын жолдарғы блок-бекеттерде қызмет ететін медициналық қызметкерлерді ыстық тағаммен және сусынмен қамтамасыз етілді. Кәсіподақ қызметкерлері осылайша жомарттық танытып, "Көксарай" мейрамханасына арнайы тапсырыс беріп, екі күн қатарынан 12 блок-посттың 160 қызметкеріне түскі және кешкі ас-ауқат үлестірді. Сонымен қатар, кәсіподақ тарапынан 3 бірдей медицина мекемесіне қаржылай қолдау көрсетілді: Шымкент қалалық №2 көпсалалы ауруханасына - 200 000 теңге, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталыққа - 300 000 теңге, ал қалалық жедел жәрдем станциясына 200 000 теңгелік сертификат табысталды. Бұл қаржыны медицина мекемелері коронавирусқа қарсы күресте бетперде мен санитарлық-тазалық құралдарына жаратты.

Құрылыс нысандарын аралады
Қорғаныш өткелі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу