Сарбаздар дезинфекция жұмыстарына ат салысуда

Oinet.kz 22-04-2020 667

Screenshot_15.png

Шымкенттік сарбаздар халықтың денсаулығы үшін тер төгуде. Үшінші мегаполисте арнайы әскери жиынға шақырылғандардың бір тобы Қаратау ауданы, «Астана» шағынауданындағы көпқабатты үйлер мен ойын алаңдарын және аяқжолдар мен аумақты толық залалсыздандыру жұмыстарына кірісті.

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының әрқайсына 25-тен тең бөлінген сарбаздар өзге де қызметтермен қатар, 14 мамырға дейін қала аумағында жүргізілетін дезинфекциялау іс-шараларын атқаратын болады. Мамандардың айтуынша дезинфекциялық құралдар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянсыз. Дегенмен мамандар тұрғындарға залалсыздандыру жұмыстарынан кейін бірер сағат  сыртқа шықпауға кеңес береді. 

Салалық құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдар сарбаздардың күнделікті тасымалы мен ас-ауқатын ұйымдастырып, олардың толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Әскерилердің айтуынша, арнайы жиынға шақырылған әскери міндеттілер күнделікті таңғы сағат 09.00-мен кешкі 18.00 аралығында жоспарлы жұмыс істеп, сенбі-жексенбі күні демалмақ.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру туралы Жарлығына сәйкес әскери жиынға алынған сарбаздардың айлық жалақысы сақталатын болады. Сарбаздар  қауіпті індетпен күресу және оның алдын-алуға ат салысу Отан алдындағы борыншын өтеу деп барын салуда. 


Ұлт денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтайық!
Құрылыс нысандарын аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу