Үйде отыруға үндеді

Oinet.kz 20-04-2020 617

Screenshot_13.png

Шымкенттік ақ халаттылар халықты індеттен сақтануға шақырып, ерекше шара өткізді. Сары түске боялған жедел жәрдем көліктері қаланың орталық көшелері арқылы дабыл қағып жүріп өтті. Бұл шара халықты індеттен сақтау мақсатымен орын алды. Алдында арнайы мамандар үй-үйді аралап тексеру, сақтандыру жұмыстарын жүргізген еді. Енді көшелерде жедел жәрдем көліктерінің шеруі өтті. 

Барлық аймақты қамтыған шара Нұр-сұлтан уақытымен 21-00 де бастау алды. Акцияның ұраны: "Жедел жәрдемге түскіңіз келмесе, үйде болыңыз!". Бірқатар қала тұрғындары бұл шеруді естіп, індетті қаншалықты зардабы бар екенін түсінді.

Жедел жәрдем көліктері Қонаев және Бәйдібек би даңғылы, “Нұрсәт" шағынауданы және Арғынбеков, Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан, Республика даңғылы арқылы жүріп өтті. Жалпы акцияға отыз жедел жәрдем көлігі мен 100-ге жуық медицина маманы қатысты.

Қазір әлем халықтары қауіпті індетпен күресудің оны алдын-алып ауыздықтаудың жолын ешкіммен қарым-қатынас орнатпай, үйде қалумен байланыстырып отыр.  Ал оны жеңіп шығу сіз бен бізге байланысты. Үйде болыңыз! Әр адамның денсаулығы мемлекет үшін маңызды. Сондықтан да қалалық әкімдік барынша сақтық шараларын жасап, халықты індетке ұрынудан сақтауда. 


Қонақ үйден орын берілді
Ұлт денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтайық!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу