Дәрігерлерге үстемақы төленді

Oinet.kz 20-04-2020 605

Screenshot_11.png

Қауіпті вируспен күресе жүріп өз өмірі мен басын қатерге тіккен Шымкент қаласындағы 1290 медицицина қызметкері үстемақы алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлері берілген көмеккедән риза. Үстемақы алғандар реанимация бөлімдерімен қоса алғанда, жұқпалы аурулар стационарларының дәрігерлері, карантиндік аймақтағы орта және кіші медицина қызметкерлері. Сондай-ақ провизорлық стационар мен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен жедел-жәрдем жүргізушілері.

– Өз атымнан және осы жердегі дәрігерлердің бәрінің атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс білдіремін. Қазір отбасымыздан жырақта жүріп, науқастарға қажетті ем-дом жасап, көмектесіп жатырмыз. Жергілікті басшылық тарапынан медицина мамандары арнайы жатақханамен қамтылған. Оған қоса еңбегімізді елеп, қаржылай қолдау білдіргені осындағы барлығымызды зор қуанышқа кенелтіп отыр, — дейді Ғ. Лесбекова.

Жалпы Оған сәйкес, медицина қызметкерлері жұмысының қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Бірінші санаттағы өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 24 қызметкерге 8,7 млн теңге бөлінді. Екінші санаттағы қалыпты жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшелерге, 845 медицина мамандарына 258,3 млн теңге бөлінді. Үшінші деңгейдегі қауіпсіздік жағдайында жұмыс істейтін 421 медицина ұйымының қызметкеріне 51,3 млн теңге бөлінді.


Тәжвирусқа дес бермеді
Қонақ үйден орын берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу