Әлеуметтік көмек көрсетілді

Oinet.kz 18-04-2020 539

Screenshot_5.png

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Шымкент қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 20445 отбасы құжат тапсырған. 

Оның ішінде 16208 отбасы шартты, 4237 отбасы шартсыз ақшалай көмекке өтінім білдірген. Нәтижесінде 14 172 отбасыға шартты, 3883 отбасыға шартсыз ақшалай көмек тағайындалған. 2390 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартылған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.  Мамандардың айтуынша бірінші тоқсанда бас тартылған отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмекке жаңадан өтініш білдіретіндер ендігі кезекте Egov.kz порталы арқылы өтініш бере алады. 

Ал бірінші тоқсанда көмек алған отбасыларға екінші тоқсанда (сәуір, мамыр, маусым) пролонгация, яғни ұзарту тәртібімен тағайындалады. Егер отбасы құрамы өзгермеген болса, онда орталық мамандары қайта есептеу жүргізеді. Естеріңізге сала кетейік, елімізде енгізілген төтенше жағдайға және Шымкент қаласының карантинге жабылуына байланысты халықты жұмыспен қамту орталығы 26 наурыздан бастап өз қызметін қашықтан көрсетуге көшкен. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде жәрдемақы алу жеңілдеп, табысынан уақытша айырылған кәсіпкерлер мен жұмысшыларға да көмек берілуде. 

Қала бюджеті ұлғайды
Мүгедектікті белгілеу форматы жеңілдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу