Сүйікті жар болғыңыз келсе?

Oinet.kz 07-03-2019 1756

912-1476218955-c84e92f739.jpg

«Тәрбиелі әйелдер жастары үлкен болсын, кіші болсын, бәрібір, өз күйеулерінің сырын басқаларға ашып, кем-кетігі жайында әңгіме қылмайды» Р.И.Фахруддин

  Әрбір қыз бала бойжетіп, әке-шешенің аясында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа бір елге келін боп түсіп, келіншек атанады. Өз шаңырағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп, түтін түтетеді. Ана болып, өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу-қыз баланың мақтанышы әрі бақыты. Бұған, әсіресе, әке-шешесі қуанады. Сүйікті жар болу үшін де, сіз ер азаматыңыздың көңілінен шығуыңыз керек.

 Сіз өзіңіз сүйіп қосылған ер азаматыңызға сүйікті жар болғыңыз келетін шығар. Ендеше төмендегі кеңеске құлақ асыңыздар:

  • Жарыңызға жақсы сөздер мен мақтауларды көбірек айтыңыз, оған ұнайтынына сеніңіз.

  • Ер азаматтардың көпшілігі сіздердің хош иісті әтірлеріңізге қызығады, сондықтан барынша хош  иістеніп жүріңіз.

  • Қолдарыңызға мән беріңіз. Ер азаматтың қызығушылығы сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыз.

  • Жарыңыздың алдында нәзік талдырмаш болыңыз.

  • Еріңіздің айтқанына құлақ салып тыңдаңыз, неге қызығатынын сұраңыз.

  • Шешім қабылдағанда кеңесіңіз, түсінбесеңіз сұраңыз.

  • Дәмді тамағын уақытылы беруге тырысыңыз. Ер адамды дәмді тамақпен ақ көңілін көтеруге болатынын білетін боларсыз.

  • Тосыннан бір нәрсе ұйымдастыра біліңіз.

  • Жүзіңізден күлкі кетпесін, әрдайым күліп жүріңіз.  Сізге сондай жарасымды.

  • Қиын сәттерде жанынан табылыңыз.

  • Туыстарына да көбірек көңіл бөліңіз.

  • Өтірікті ешқашанда  айтпаңыз. Соңы қара түнекке бастайды.

  • Ер азаматтың жүрегіне жол табудың бір жолы — сіздің оған деген пейіліңізбен ақ жүрегіңіздің шынайылығында.

  • Отбасылық қиыншылықтарды бірге жеңуге тырысыңыз.

  • Әрбір қарым-қатынастың бастамасы, шынайы көңіл мен мейірімді жүректе, бір ауыз сөзбен  ақ көңілін көтеруге болады.

  • Ерекекке қажетті дүние сіздің үнемі көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны.

  • Қатулы қабағыңызбен ешнәрседе өзгермейтінін түсініңіз.

  • Сүйікті жар болудың негізгі қағидасы махаббаттарыңыздың шынайы болуында.

Дайындаған: Қ.Р Қазақ психологиялық қоғам бірлестігінің мүшесі. Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы.

Дреккөз : anabol.kz

Енеге деген қарым-қатынасыңыз қалай?
Ана болыңыз және ана болудың денсаулыққа пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу