Өмірлік жарды кездестіру қиын ба?

Oinet.kz 07-03-2019 1254

136-1476222198-eccd86a4d2.jpg

Қазіргі таңда қыздардың өзіме жар болуға  лайық деп есептейтін жігіттердің бойынан көргісі келеді :

1. Қарапайым
2. Иманды
3. Сабырлы
4. Шыдамды
5. Күткізбейтін (бұл қай жағынан? Қыздардың өзінен сұрап көрейікші...)
7. Үнемі  жанында болатын
8. Екі сөйлемейтін
9. Ішпейтін, шекпейтін
10. Спортсмен
11. Мені сыйлайтын
12. Мінезі күшті)
13. Күлкісі әдемi
14.  Жүрегі таза
15. Мейірімді
16. Көп қыдырмайтын
17. Ең бастысы өмір бойы сүйіп өтетін

  Бұл тізімді қайта топтастыра отырып қысқарттық. Ұзын сонар талапқа лайық болсаңыз, сіз күйеу жігіт болуға мүмкіндігіңіз бар. Мінсіз жігітті табу кез келген бойжеткеннің арманы. Мұныма қарсы шығар ешбіріңіз жоқ шығарсыз? Әсіресе жас арулар мұндай мінсіз күйеуді күні-түні  арманына серік етеді. Әйткенмен, кез келген адамда мін болады. Мейлі, ол бай-патшаның баласы болсын! Мейлі, ол қалтасы қалыңның еркесі болсын! Мейлі, ол сұлудың сұлуы болсын! Мінсіз күйеуді іздеп жарсыз қалу әбден мүмкін. Ал өзіне лайықты жар іздеген арудың әсте бағы жанады. Сондықтан өзіңізге лайықтыны ғана мінсіз еркек санағаныңыз абзал. Бірақ оның басқалар үшін мінсіз болуының, не сондай болып көрінуінің де керегі жоқ. Өз өміріңіз үшін өзіңізше мінсіз ер адамды жасап алып, өзіңізше өмір сүріңіз. Ал сіздің таңдағаныңызды мінсіз санамайтындар өздерінің арманындағы ақ боз атты ханзадасын күте түссін. Жігіт мінсіз қызды іздейді, ал қыз мінсіз жігітті іздейді. Бірақ  Алла, оларды бір-бірінің кемшіліктерін толықтыру үшін жаратқанын білмейді.

 Дереккөз : anabol.kz

Монтессоридың ата-аналарға өсиеттері
Декреттегі «демалыс: Аналарға 5 кеңес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу